AOGU supports UN Agenda

#aoguscience айдарында университетіміздегі жас ғалымдар туралы айтамыз. Әсем Иманғалиева – қалдықсыз химиялық технологияны зерттеуші. «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» білім беру бағдарламасының оқытушысы. Әсем ғылыми қызметінде Д.И.Менделеевтің «Химияда қалдық деген болмайды, тек пайдаланылмаған шикізат қана бар» деген сөзін ұстанымға алады. Жас ғалым Атырау мұнай өңдеу зауытының күкірт қалдықтарынан күкірт құрылыс қоспасын алу технологиясын жетілдірді. Ол қоспаны кез келген нысан құрылысында қолдануға болады. -Қазақстанда күкірт қалдықтарынан өнім шығаратын бірде-бір кәсіпорын жоқ, сондықтан жергілікті зауыт оларды Қытайға экспорттауға мәжбүр. Әлемде күкіртті цемент Біріккен Араб Әмірліктерінде ғана қолданылады, бірақ май құрамы әр жерде әр түрлі болғандықтан қоспада айырмашылық бар. Бұл жобамен жұмысты жалғастырамын, осы тақырып бойынша докторлық диссертация қорғауды жоспарлап отырмын, - дейді жоба авторы Әсем Иманғалиева.

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN