AOGU supports UN Agenda

«Әдебиет – өмірді таныту, тәлім-тәрбие берудің негізгі нысанасы» (Арис¬тотель) Көркем әдебиет оқу – адамның әлеуметтік-танымдық қабілетін арттырады. Ұлыбританиядағы Ливерпуль университетінің ғалымдары арнайы зерттеу жүргізіп, классикалық әдебиеттің ми жұмысын жақсартатынын дәлелдепті. Мамандар «Психологиялық кітаптар таным көкжиегін кеңіткенмен, мидағы сан алуан ойды сейілтпейді» деген тұжырым жасайды. Мұның себебі – көркем әдебиеттегі шым-шытырық оқиғалардан оқырманның кешкен эмоциялық күйі миға өте пайдалы болады екен. Университеттің Басқарма төрағасы-ректор Гүлзада Тәңірбергенқызы әр апта сайын үздік білім алушыларға өз атынан кітап сыйлау дәстүрін қолға алды. Өткен аптада университетіміздегі белсенді студенттердің бірі - Мұнай және газ факультетінің 1 курс студенті Серікбек Мәліковке Т.Драйзердің «Финансист» кітабы сыйға берілген болатын. Бүгін «Автоматтандыру және басқару» мамандығының 1 курс студенті Үміт Бексұлтанова Джек Лондонның «Зов предков» кітабын алды. Жастардың классикалық әдебиетке деген қызығушылығын арттыру бағытында қолға алынған жоба жыл бойы жүргізіледі.

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN