AOGU supports UN Agenda

УНИВЕРСИТЕТ & ИНДУСТРИЯ АтМГУ студенттері вахталық әдіспен екі жылдық өндірістік тәжірибеге жіберіледі. Тәжірибе кезінде GPC компаниясы студенттердің жол жүру, жұмыс киімі, тұру, тамақтану шығынын өтейді және жалақымен қамтамасыз етеді. GPC базасында Дуалды оқытудан сәтті өткен барлық студенттер Атырау облысындағы газ өңдеу зауытында жұмысқа орналастырылады. Бүгін университетте «Gas Processing Company» ЖШС компаниясы директоры Болат Сақтағановпен кездесу өтті. Тараптар мына беру бағдарламалары бойынша студенттерді кәсіби оқытудағы ынтымақтастық туралы шартқа қол қойды: 1. «Автоматтандыру және басқару» 2. «Өнеркәсіптік энергетика» 3. «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» 4. «Мұнай және газ өнеркәсібі машиналары мен жабдықтары» 5.«Мұнай-газ құбырлары мен мұнай-газ қоймаларын жобалау және пайдалану» Университет пен «Gas Processing Company» компаниясы Қашаған кен орнының болашақ газ өңдеу зауытына кадрларды дуалды оқыту бағдарламасы бойынша бірлесіп даярлайтын болады.

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN