AOGU supports UN Agenda

Бүгін Университетімізге Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ректоры Жасұлан Шаймарданов бастаған делегация келді. Аталған оқу орнының академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Жадыра Қоңырбаева, машина жасау мектебі деканының орынбасары Самат Байгереев, базалық инженерлік дайындық факультеті физика кафедрасының меңгерушісі Еркежан Табиева АтМГУ ұжымымен кездесті. Тараптар академиялық қызмет бойынша ынтымақтастықты дамытуға бағытталған жұмыстарды талқылады. Академиялық ұтқырлық, қос дипломды білім беру бағдарламалары аясында шетелдік жетекші университеттермен серіктестік орнатқан жоғары оқу орындары алдағы уақытта да жаңа жобаларды қолға алады. Атап айтсақ, С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінің филиалын ашу жоспарланып отыр. Ал Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті базасында индустриалды менеджмент бағыты бойынша Сингапур университетінің филиалы ашылады. Техникалық бағытта білім беретін қос университеттің өндіріс саласы бөлек болғанмен, проблемалар ортақ. Сондықтан қалыптасқан мәселелерді шешу үшін тараптардың академиялық және ғылыми әлеуетін, күшін біріктіру маңызды болып отыр. Кездесуде екіжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға келісім жасалды.

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN