AOGU supports UN Agenda

Дуалды оқыту бір мезгілде оқуға және жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Сіз ЖОО-да дәрістер мен семинарларда алған теориялық білімді кәсіпорында тәжірибеде қолданасыз. Дуалды білім беру кезінде қай күндері оқитыныңыз және қандай компанияда жұмыс істейтініңіз, қай жерде тәжірибеден өтетініңіз арнайы кестеде көрсетіледі. Университетті бітіргеннен кейін сізде дипломмен бірге өндірістік тәжірибеден өткен, қалыптасқан дағды да болады. С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетіндегі дуалды оқыту жүйесінің бірқатар артықшылықтары бар. Мысалы: • Аз шығын. Дуалды оқытуға жұмсалатын барлық шығынды қабылдаушы кәсіпорын (тамақтандыру, арнайы киім, көлік шығыстары, арнайы оқытуды қоса алғанда) өз мойнына алады. •Білімді тәжірибеде қолдану. Оқу барысында сіз кәсіпорында тәжірибеден өтесіз. Бірден процеске араласып, университетте теория жүзінде алған біліміңізді шыңдайсыз. Соның нәтижесінде оқуды бітіргеннен кейін жұмыс табу және жоғары бәсекелестік артықшылықтарға ие болу үшін жеткілікті тәжірибе мен біліміңіз болады. • Еңбекақы. Компанияның барлық қызметкерлері сияқты сіз тәжірибеден өту кезінде жалақы аласыз. Жалақы мөлшері фирманың көлеміне және сіздің қабілеттеріңізге байланысты айына 60-80 мың теңге аралығында болады. Студенттің қалаған кәсіпорнын өз бетінше табуға мүмкіндігі бар. • Кәсіпорында жұмыста қалу мүмкіндігі. Тәжірибеден өткен кезде кәсіпорын сіз үшін ақшасын жұмсайды, практика уақыты біткенде сіз компаниямен жақсы таныс боласыз, ал ол сіздің құзыретіңізге сенімді. Сондықтан сіздің фирмада қалуға және штаттық қызметкер ретінде жоғары лауазымда жұмыс істеуді жалғастыруға мүмкіндігіңіз бар. • Жұмысқа орналасу. Әдетте, дуалды оқыту бағдарламасы бойынша студенттердің көпшілігі жұмысқа орналасады (шамамен 70%), өйткені олардың практикалық дағдылары қалыптасады. Бүгінгі таңда АтМГУ дуалды оқыту бойынша серіктестері: • «Ембімұнайгаз» АҚ • «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС • «Континент Ко ЛТД» ЖШС • «ҚазМұнайГаз-Бұрғылау Сервистік бұрғылау кәсіпорны» ЖШС • «Интергаз Орталық Азия» АҚ • Атырау облыстық экология департаменті • «Атыраумұнаймаш» ЖШС • «Транстелеком» АҚ • «KAIR Solutions» ЖШС

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN