AOGU supports UN Agenda

С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті базасында Universiti Teknologi PETRONAS филиалын ашу жоспарланып отыр. Жақында АтМГУ ректоры Гүлзада Шакуликова бастаған делегация Малайзияға барып, екіжақты ынтымақтастық туралы келіссөз жүргізіп келді. PETRONAS компаниясының жобалар мен технологияларды іске асыру жөніндегі вице-президенті Bacho Pilong UTP мен АтМГУ-дің стратегиялық әріптестігіне қолдау көрсетті. Universiti Teknologi PETRONAS – әлемдегі алдыңғы қатарлы оқу орындарының бірі. Бұл университетпен бір жарым жылдан астам уақыттан бері тығыз байланыс орнатып келеміз. Соның нәтижесінде білім беру бағдарламаларын үйлестіру, «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасын жүзеге асыру, РhD докторанттарын даярлау, ғылыми мақалалар жазу бойынша бірлескен жобалар қолға алынып келеді. -Атырауда UTP филиалын ашу - сапалы білім беру бағдарламалары, мықты профессорлар мен олардың ғылыми - зерттеу жұмысындағы тәжірибесінің трансферін қамтамасыз етеді. Оңтүстік-Шығыс Азиядағы біздің университетпен бірдей бейіндегі жоғары оқу орнымен серіктестік орнату - жұмысымызға тың серпін беретін қадам деп есептейміз,- деп атап өтті кездесуде АтМГУ ректор Гүлзада Шакуликова.

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN