AOGU supports UN Agenda

«Органикалық заттардың химиялық технологиясы», «Автоматтандыру және басқару», «Мұнай-газ кен орындарын барлау» мамандықтарының студенттері Ақтөбе облысындағы GPC компаниясында өндірістік тәжірибеден өтіп жатыр. GPC компаниясының қуаттылығы жылына 300 млн текше метр газды қайта өңдеуге мүмкіндік береді. Ілеспелі мұнай газын қайта өңдеуді жүзеге асыратын кәсіпорын елімізді тауарлық газбен қамтамасыз етіп отыр. АтМГУ мен GPC арасындағы өзара ынтымақтастық аясында тәжірибеге бағытталған оқу жалғасын тауып, студенттеріміздің алғашқы легі вахталық әдіспен жұмыс істеп келді. 25 сәуірден 10 мамырға дейін екінші топ тәжірибеден өтеді. Тәжірибеге бағытталған оқу студенттердің кен орнында жұмысқа араласып, қажет дағдыларды меңгеруі үшін өте маңызды. Болашақ мұнайшылар өндіріс орнының ерекшеліктерімен, жаңа технологиялармен танысты. Білікті мамандардан тәлім алу - студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырады.

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN