AOGU supports UN Agenda

Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде Конституциялық реформаларды түсіндіру мәселесіне арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шарада қоғам қайраткерлері, мәслихат депутаты, университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы және студенттері саяси науқанның маңызы туралы пікір алмасты. Кон­сти­туцияға енетін өзгерістер бес бағытты қамтиды: бірінші – саяси жүйені терең демократияландыру бағыты; екінші – суперпрезиденттік басқару формасынан күшті Парламенті бар президенттік республикаға түпкілікті көшу бағыты; үшінші – президенттік өкілеттіктерді шектеу, Парламенттің екі палатасының қызметін қайта жүйелеу және Мәжілістің рөлін күшейту, Конституциялық сот құру бағытында мемлекеттік билік тармақтарының тоқтатылуы мен тепе-теңдігі жүйесін одан әрі жетілдіру; төртінші – сайлау жүйесін демократияландыру – аралас пропорционалды – мажоритарлы модельге көшу және партияларды тіркеу процесін одан әрі ырықтандыру; бесінші – мәслихаттардың рөлін, олардың субъективтілігі мен дербестігін арттыру. Референдумға қатысу – біздің қоғамымыздың қаншалықты жетілгендігінің және ұрпағымыз өмір сүретін қоғамның демократиялық моделін жүзеге асыру үшін жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын екендігінің көрсеткіші.

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN