АтМГУ базасында референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі облыстық штабтың кезекті отырысы өтті. Өткен аптадағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының қорытындысы шығарылып, алдағы жоспар талқыланды.
Конституцияға енетін өзгерістер бес бағытты қамтиды:
бірінші – саяси жүйені терең демократияландыру бағыты;
екінші – суперпрезиденттік басқару формасынан күшті Парламенті бар президенттік республикаға түпкілікті көшу бағыты;
үшінші – президенттік өкілеттіктерді шектеу, Парламенттің екі палатасының қызметін қайта жүйелеу және Мәжілістің рөлін күшейту, Конституциялық сот құру бағытында мемлекеттік билік тармақтарының тоқтатылуы мен тепе-теңдігі жүйесін одан әрі жетілдіру;
төртінші – сайлау жүйесін демократияландыру – аралас пропорционалды – мажоритарлы модельге көшу және партияларды тіркеу процесін одан әрі ырықтандыру; бесінші – мәслихаттардың рөлін, олардың субъективтілігі мен дербестігін арттыру.
Референдумға қатысу – біздің қоғамымыздың қаншалықты жетілгендігінің және ұрпағымыз өмір сүретін қоғамның демократиялық моделін жүзеге асыру үшін жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын екендігінің көрсеткіші.