AOGU supports UN Agenda

Бүгін С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетіне малайзиялық Petronas Ұлттық мұнай компаниясының өкілдері жұмыс сапарымен келді. Делегация құрамында – Petronas жобалар мен технологияларды жүзеге асыру кеңсесі вице-президенті Мохд Шахрул Амир Замбери, UTP вице-канцлері, профессор, доктор Мохамед Ибрагим Абдул Муталиб, UTP стратегиялық жобалар жөніндегі бас директоры Заимизи Хамдани, UTP инженерлік факультеті деканы, доктор Росдиазли Ибрахим бар. Сапар мақсаты - ҚР Мұнай және газ индустриясымен танысу және С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті базасында Петронас технологиялық университетінің (UTP) филиалын ашу мүмкіндігін талқылау. Кездесуде С.Өтебаев атындағы АтМГУ Басқарма төрағасы-ректоры Гүлзада Шакуликова университеттер арасындағы стратегиялық әріптестік жөнінде баяндады. Малайзиялық UTP вице-канцлері, профессор, доктор Мохамед Ибрагим Абдул Муталиб Petronas-тың білім беру, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен және халықаралық байланысты дамыту жоспарымен таныстырды. --

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN