AOGU supports UN Agenda

Бүгін Астанада ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Іс-шараға ҚР Премьер-министрінің орынбасары Алтай Көлгінов, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, ҚР Президенті Әкімшілігі және ҚР Парламентінің өкілдері, ЖОО ректорлары, ҒЗИ мен министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары, сондай-ақ қоғам қайраткерлері қатысты. Министр Саясат Нұрбек: «Мемлекет басшысы өзінің сайлауалды тұғырнамасы аясында жоғары білім саласын дамыту бойынша бірқатар тапсырмалар берді. Біріншіден, студенттердің стипендиясын 2025 жылға дейін 2 есеге арттыру жоспарланған. Екіншіден, барлық студенттерге әлемдік цифрлық кітапханаларды тегін пайдалануын қамтамасыз ету. Үшіншіден, студенттік жатақханаларда орын тапшылығы мәселесін шешу. 2023 жылы ЖОО басшыларымен бірлесіп осы міндеттерді іске асыру бойынша жұмыстар басталады және жалғастырылады», – деп атап өтті. Министр Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында жаңадан «Ғылым және технологиялық саясат туралы» ҚР Заңы әзірленетінін, ол ғылым саласындағы жаңа бағытқа көшуге негіз болатынын және сол арқылы ғылым мен технологияның тың моделін енгізу қамтамасыз етілетінін атап өтті. Алқа отырысының қорытындысы бойынша ҚР Премьер-министрінің орынбасары Алтай Көлгінов ғылымды, жоғары білім беруді және тіл саясатын дамыту саласында бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN