AOGU supports UN Agenda

Астанада Академиялық адалдық лигасының жалпы жиналыс-форумы өтті. Оған жетекші қазақстандық жоғары оқу орындарының басшылары мен өкілдері, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев, «Атамекен» ҰКП, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі және басқа да сарапшылар қатысты. АтМГУ атынан аталған жиналысқа Комплаенс қызметінің басшысы Асылбек Насиев қатысты. Академиялық адалдық лигасы құрамындағы 16 қазақстандық ЖОО студенттері арасында жүргізілген сауалнама осы білім мекемелерінің қызметіне қанағаттану деңгейі 79,9% екенін көрсетті. Сауалнамаға 25 000 астам білім алушы – лига мүшелері қатысқан. Академиялық адалдық; пәндерді оқыту және бағалау; бағалау және кері байланыс; тіркеу кезінде пәндерді таңдау; жеке даму; академиялық қолдау; ақпараттық ресурстар мен қызметтер, қатысу, материалдық-техникалық база және кампус, қашықтықтан оқыту санаттары бойынша жүргізілген сауалнама қорытындысы таныстырылды. Форумда жоғары оқу орындарының өзін-өзі реттеуі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, академиялық адалдық мәдениетін дамыту тетіктері және алқалылық арқылы сапаны қамтамасыз ету сияқты өзекті мәселелерге арналған пікірталас өтті. Айта кетейік, Атырау мұнай және газ университеті - 2022 жылдың сәуір айынан бастап Академиялық адалдық лигасының мүшесі. АтМГУ комплаенс қызметінің жұмысы халықаралық ISO 37001:2016 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы басқару жүйелері. Білім беру мақсатында» стандарттарына сәйкес жүргізіледі.

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN