AOGU supports UN Agenda

Мемлекет басшысы: «Басымдықты техникалық мамандықтарға беру керек. Инженерлер мен өнеркәсіпшілердің жаңа буынын өсіріп шығару қажет. Жас қазақтар техниктер болуы керек» - деген болатын. Жаңа экономика құру үшін жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру маңызды. АтМГУ-дың стратегиялық мақсаты - техникалық бағытта білім алғысы келетін жастарға барлық мүмкіндікті жасау. Осы ретте университет кәсіби бағдар беру жұмысын жыл бойы жүргізуді қолға алды. АтМГУ қызметкерлері мен профессорлық-оқытушылар құрамы 19-21 желтоқсан аралығында Махамбет, Мақат, Қызылқоға, Жылыой, Исатай аудандарына барып, білім алушылармен кездесулер ұйымдастырды. Кәсіби бағдар беру жұмысы оқушыларға мамандықтар әлемі туралы мәлімет берумен қатар бейінін, қабілетін анықтау үшін сауалнама жүргізіп, қызықты сұқбаттар, топтық жұмыстар өткізуді қамтиды.

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN