AOGU supports UN Agenda

АтМГУ КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде жаңа жоба - «Маруся Асаубаева креатив Орталығы». Университеттің Студенттер сарайы «Маруся Асаубаева» қайырымдылық қорының демеушілігімен күрделі жөндеуден өтті. Енді бұл орын соңғы үлгідегі заманауи жетістіктер қолданылатын креатив-хабқа болады. Креатив орталығында 650 орындық акт залы және кітапхана, оқу залдары мен митинг-залдар, арт-студия, коворкинг-спейс, шығармашылық студия бар. Жалпы ауданы 2177 шаршы метр жаңа кітапханада әлемдегі жетекші жоғары оқу орындарының кітапханаларына онлайн қолжетімділік болады. Атыраудағы алғашқы Креатив орталығы инновацияларды, ғылымды, цифрландыруды тиімді дамыту мақсатында барлық мүдделі тараптардың – мемлекеттік органдар, бизнес, ғылым, білім және қоғам өкілдерінің өзара әрекеттесуінің дәнекері болады. Орталықтың басты міндеттері: • Қазақстанның мұнай-газ саласын цифрландыру; • Атырауға стартап-акселераторлар мен инвесторларды тарту; • Аймақ экологиясындағы өзгерістерді анықтау, бағалау және болжау; • Университетте, қалада және өндірістік инфрақұрылымда жаңартылатын энергия көздерін енгізу; • Кремний алқабындағы компанияларда жұмыс істейтін танымал қазақстандықтардың қатысуымен «тәлімгер мектебін» ашу; • Әлемдегі ең ірі кітапханалардың сандық репозиторийлеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету; • Қоғамымыздың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және т.б.; Университет базасындағы Креатив орталығын жаңғырту жұмыстарын толығымен Маруся Асаубаева қайырымдылық қоры жүзеге асырды. Орталықта 650 орындық акт залы және кітапхана, оқу залдары мен митинг-залдар, арт-студия, коворкинг-спейс, шығармашылық студия болады. Жалпы ауданы 2177 шаршы метр жаңа кітапхана әлемдегі жетекші жоғары оқу орындарының кітапханаларына онлайн қолжетімділікпен қамтамасыз етілген. Орталықтың ашылу салтанатына орай құттықтау хат жолдаған ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақовқа, индустриядағы серіктестерімізге ризашылығымызды білдіреміз. Маруся Ассаубаеваның Креатив орталығы облыстық және республикалық деңгейде хакатондар, шығармашылық индустрияға қатысты түрлі ой-пікірлер, форумдар, республикалық және халықаралық деңгейдегі конференциялар, университеттің өндірістік серіктестерінің мерекелік іс-шаралары өтетін мәдени кеңістікке айналады деген сенімдеміз. Шығармашылық орталық студенттер мен мектеп оқушылары үшін тегін қызмет көрсетеді. Креативті Индустрия Орталығында шығармашылығын шыңдап, аймақтың, елдің дамуына үлес қосатын идеяларды іске асыруға ниетті атыраулықтарды күтеміз!

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN