AOGU supports UN Agenda

85 жыл бұрын, 8 желтоқсан күні Ахмет Байтұрсынұлы ату жазасына кесілді. Қоғам қайраткері, ағартушы, ақын, аудармашы, педагог, публицист, түркітанушы, ғалым Ахмет Байтұрсынұлы «соқтықпалы-соқпалы» жолдардан өтсе де, адалдығынан айнымаған, ұлтына ұланғайыр еңбек сіңірген тұлға ретінде тарихта қалды. Биыл Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы UNESCO көлемінде атап өтілді. Алаш ардақтысының шығармаларын насихатттап, жазықсыз атылған күнін еске алу, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында бүгін АтМГУ-да филология ғылымдарының кандидаты Гүлбану Сабырованың қатысуымен қонақ дәрісі өтті. Елінің егемендігі мен еркіндігі үшін тар заманда халқына тұтқа болған алаш ардақтысының өмірі мен шығармашылығы, қайраткерлігі қамтылған тақырыптық лекцияға студенттер қызығушылықпен қатысып, Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдерін оқыды.

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN