AOGU supports UN Agenda

Көшпелі модульдің мақсаты – еліміздің, облыстың жетекші компанияларында және шетелдік компанияларда бизнес-процесс құрудың жаңа тәсілдерін зерттеу, заманауи жетістіктермен және бизнес-процестерді басқару құралдарымен танысу, компания өкілдерімен кездесу және өз бизнесін таныстыру. Бұл модуль бірегей және соңғы теориялық-қолданбалы тәжірибелерді қамтиды. Бірінші күні МВА бағдарламасының қатысушылары «Атырау облысындағы бірінші интеграцияланған газ-химиялық кешеннің құрылысы» жобасының операторы - «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС зауытында болды. Модульдің екінші күні компаниядағы көшбасшы рөлі, стратегиялық коммуникацияларды құрудың негізгі принциптері, беделді басқару туралы дәріске қатысты. АтМГУ МВА және Executive MBA бағдарламалары тыңдаушылардың практикалық дағдыларын, теориялық білімдерін жетілдіруге ықпал етеді, сонымен қатар ірі кәсіпорындардың жұмысын үйренуге мүмкіндік береді. Қатысушылар идеялармен бөліседі және бейресми жағдайда нақты бизнес жағдайларын талқылауға қатысады. АТМУ-де MBA білім беру бағдарламалары 2021 жылдың наурыз айында ашылды. Кәсіби топ-менеджерлерді даярлауға еліміздегі және шетелдегі ең үздік бизнес-тренерлер мен ірі компаниялардың басшылары тартылған. Модульдің барлық қатысушыларына сәттілік тілей отырып, алға қойған мақсаттарына жетуге тілектеспіз!

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN