AOGU supports UN Agenda

С.Өтебаев атындағы АтМГУ базасында ашылған И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінің филиалында қонақ дәрісі өтті. Тарихқа көз жіберсек, сонау 1946 жылы Компартия Орталық комитетінің шешімімен қазақ жастарын Мәскеу мен Ленинград қаласындағы жоғары оқу орындарына конкурссыз қабылдау жүргізілді. Сол жылдары қазақ жастарының басым бөлігі Мәскеудегі Еңбек Қызыл Ту орденді Губкин атындағы институтқа түсті. Араға 76 жыл салып, осы бағдарлама қайтадан жалғасын тапты. Қазіргі таңда мемлекет тарапынан 100 грант бөлініп, С.Өтебаев атындағы АтМГУ білім алушылары арасынан ниет білдірген студенттеріміз М.Губкин атындағы РММГУ -де оқып жатыр. Мамандыққа кіріспе бағыты бойынша М.Губкин атындағы РММГУ г-м.ғ.к., профессор А.В.Осипов «Әлемдегі көмірсутек шикізат қорының жай-күйі және қолданылуы» тақырыбында дәріс оқыды.

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN