AOGU supports UN Agenda

Мансап орталықтарының қызметі түлектерді жұмысқа орналастырып, тәжірибе шыңдаумен ғана шектелмейді.Еңбек нарығының талаптары мен қажеттілігін ескере отырып, білім алушылардың мансаптық траекториясын қалыптастыру да осындай Орталықтардың құзыретінде. «Студент-ЖОО-жұмыс беруші» интеграциясындағы сын-қатерлердің алдын алумен қатар осы бағыттағы өзекті мәселелерді шешудің жол картасын сапалы жасау маңызды. Бұл ретте процестерді цифрландыру заман талабы болып отыр. Бүгін Астанада «Ұлттық цифрлық мансап орталығы» пилоттық жобасы таныстырылды. ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, «Астана» халықаралық қаржы Орталығы басқарушысы Қайрат Келімбетов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілдері, ЖОО ректорлары қатысқан іс-шарада ауқымды жобаны іске асырудың маңызды тұстары туралы толық айтылды. «Ұлттық цифрлық мансап орталығы» жұмысы 2022 жылдың қараша айынан басталып, 2023 жылдың ақпанына дейін жалғасады. Жоба 6 университет пен 2-4 курстардың екі мыңға жуық студентін қамтиды. Пилоттық жоба қатысушыларының қатарында С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті де бар. Жоба жұмысына сәттілік тілейміз!

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN