AOGU supports UN Agenda

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі 2022-2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын қарау аясында ЖОО-нда қолға алынып жатқан жұмыстар туралы мәжіліс өткізді. ZOOM конференцияға АтМГУ Комплаенс қызметінің жетекшісі Асылбек Жасманбетұлы Насиев қатысып, университетте «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету менеджмент жүйесі. ISO37001:2016» стандартын енгізу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. АтМГУ Ғылыми кеңесінің шешімімен оқу орнына аталған стандарт енгізілген болатын. Сонымен қатар, «С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті» КеАҚ Басқарма Төрағасы-ректорының бұйрығымен ISO37001:2016 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету менеджменті жүйесі – қолдану талаптары мен ұсыныстар» халықаралық стандарты енгізілді. Бұл стандарт тұрақты бақылауды күшейту үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы басқару жүйесін енгізуді қолдауға арналған. АтМГУ осы бағыттарды жұмыстарды жетілдіре отырып, академиялық адалдықты қамтамасыз ету мен сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруды көздейді.

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN