Университет басшылығының осы сайысты өткізудегі мақсаты — COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуын болдырмау және білім беру үдерісінде электронды немесе қашықтан оқыту технологияларын кеңінен қолдануды күшейту кезеңінде профессорлық-оқытушылар құрамын ынталандыру. Байқаудың міндеті- профессорлық-оқытушылар құрамының зерттеу және ақпараттық-коммуникативтік әлеуетін дамытуды ынталандыру; білім беру үдерісінде электронды оқыту мен қашықтан оқыту технологияларын қолданудың үздік әдістері мен тәжірибесін насихаттау; қашықтан оқыту курстарын әзірлеу мен енгізуге ынталандыру; университетте қашықтан оқыту жүйесін дамыту.
Алдын ала сайыс ережесі жасақталып, университеттің ақпарат беттерінде жарияланып, барлық ұжым мүшелері танысты. Байқауға ниет еткен барлық оқытушылардың қатысу мүмкіндігі бар. Байқау 3 номинациядан тұрады: Үздік лекция; Үздік онлайн материал; Үздік онлайн тапсырма.
Байқау қорытындысы әр апта сайын шығарылып, жеңімпаздары марапатталады. Байқаудың 30 наурыз бен 3 сәуір аралығындағы алғашқы жеңімпаздары да анықталды. Олар:
- «Үздік лекция» номинациясы бойынша Индустриалды – технологиялық факультетінен Исмағұлова Ағиба Ишимқызының жұмысы үздік деп танылды.
- «Үздік онлайн материал» номинациясы бойынша екі жеңімпаз анықталды. Мұнай-газ факультетінің оқытушылары - Галиева Ләззат Хайруллақызы мен Оразғалиева Мейрамгүл Кадырбайқызы.
- «Үздік онлайн тапсырма» номинациясы бойынша Ақпараттық технология және бизнес факультетінен Исмағұлова Назгүл Кұтқожақызы жеңімпаз атанды.