AOGU supports UN Agenda

Игілікті іс.

Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде бастау алған "Жана жылға дейін 100 қайырымды іс" акциясы өз жалғасын табуда. 7 қараша күні Индустриалды-технологиялық факультетінің профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттерінің ұйымдастыруымен Геолог елді мекенінде орналасқан жаңа саябаққа тал отырғызылды. Факультет басшылығы алдағы уакытта осы отырғызылған көшеттердің өсіп кетуін де қадағалауды өз қолдарына алды.

Адамгершілікке арналған үш сауап бар:
Шөлге құдық қазған бір сауап,
Өзенге көпір салған бір сауап,
Жолға ағаш еккен бір сауап.

Университеттің әр қызметі ел игілігі үшін.


Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN