AOGU supports UN Agenda

7 қараша күні Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде «№1 округ» БПҰ жалпы жиналысы өтті.

Күн тәртібіндегі мәселе: «Nur Otan» партиясы Атырау қалалық филиалы кезектен тыс ХХХVIII конференциясына делегаттарды сайлау туралы

Жиналыста №1 округ БПҰ –ң төрағасы, Басқарма төрағасы-ректор Г.Т. Шакуликова сөз алды. Өз сөзінде «Нұр Отан» партиясы алғаш рет праймериз өткізіп, республикалық деңгейде өткен үлкен саяси додада Атырау облысы үздік нәтиже көрсеткен, яғни дауыс берушілер саны жағынан бірінші орынды иеленгенін атап өтті. Ал қалалар бойынша (республикада 24 қала бар) Атырау қаласы 2-ші орынды иеленген. Осындай жоғары нәтиже көрсету ең алдымен әрбір партия мүшелерінің еңбегі екенін атап өтіп, соған байланысты Атырау облыстық «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрлыбек Жұмахметұлының барлық партияластарына деген шынайы алғысын жеткізді.

Жиын барысында күн тәртібіндегі мәселеге орай Атырау қалалық филиалының кезектен тыс ХХХVIII конференциясына делегат ретінде университеттен Мұнай-газ факультетінің деканы Нұркен Мақсотұлы Ахметов пен Бизнес мектебі факультетінің деканы Ақмарал Амантайқызы Жалғасбаеваның кандидатурасы ұсынылып, әріптестері тарапынан толық қолдау тапты.

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN