AOGU supports UN Agenda

Біз тек қана өлең жазбаймыз. Оқимыз: өлең, көркемсөз, кітап. Түрлі тақырыптарды бірге талқылаймыз. Ән айтамыз. Музыкалық аспаптарда өнер көрсетеміз. Театрландырылған қойылымдар, тақырыптық кештер, кездесулер ұйымдастырамыз. Әдеби салон, поэтикалық клуб, музыкалық қонақжайда сыр-сұқбат құрамыз.

Мұның бәрі – Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде ашылған «Сезін» поэзия клубында болады! Клуб қазір «Күзгі романс» атты алғашқы поэтикалық кешіне дайындалып жатыр.

Егер Сіз шығармашылық қабілетіңізді шыңдап, талантыңызбен танылғыңыз келсе, біздің қатарымызға қосылыңыз! Өлең жазатын, көркемсөз оқитын, ән айтатын және түрлі аспаптарда ойнайтын, актерлік қабілеті бар студенттерді күтеміз!

Байланыс телефоны: 87026918315 Айша

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN