AOGU supports UN Agenda

Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы Елшілігінің және ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі Тумыш Қанат Қобыландыұлының, сондай-ақ, Оңтүстік Африка Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің және Оңтүстік Африканың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Киитуметси Сийпело Тандека Мэтьюстің, Оңтүстік Африка Білім және кәсіби оқыту министрлігінің қолдауымен С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде Кейптаун университетімен онлайн-кездесу өтті.

Кездесу аясында университеттердің бірлескен бағдарламалар, бірлескен ғылыми жобалар саласындағы өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланып, студенттер мен оқытушылар құрамының академиялық алмасуы туралы меморандумға қол қою туралы келісімге қол жеткізілді. Екі елдің елшіліктері Қазақстан Республикасы мен Оңтүстік Африка университеттері арасындағы ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді.

Кездесуге ОАР Жоғары білім және кәсіби оқыту министрлігінің бас директоры Джеппи Халиб, Кейптаун университетінің өкілдері - жаһандық стратегия маманы және Кейптаун университетінің вице-канцлерінің көмекшісі Кэролин Ньютон, Халықаралық кеңсе директорының міндетін атқарушы Никола Лачия қатысты.

Халықаралық қатынастарды нығайту - университеттің даму стратегиясының басым бағыттарының бірі.

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN