AOGU supports UN Agenda

Қазақ жұртшылығы өнер десе алдына жан салмайтыны, өнерді құрметтей білетіні, бағалайтыны баршаға аян. Оның ішінде поэзияға деген көзқарасы ерекше.

Соның ішінде жастардың, әсіресе студент жастардың қызығушылығы ерекше. Оған дәлел, біздің университетте «Сезін» поэзиялық клубы «Күзгі романс» атты алғашқы тұсаукесер кешін өткізді. Күзгі романсқа қарай безендірілген сахна төрінде студенттер ақын өлеңдерін театрландырған қойылымдармен бейнелеп, әрлендіре түсті. Образға толықтай енген талантты студент-жастар қазақ поэзиясының көрнекті өкілдерінің лирикалық шығармаларын оқығанда тәнті болмаған көрермен қалмады. Поэтикалық кеш барысында Мұқағали Мақатаев, Күләш Ахметова, Фариза Оңғарсынова сынды ақиық ақындармен қатар, қазіргі жастар сүйіп оқитын Танакөз Толқынқызы, Қалқаман Саринұлы, Ерлан Жүніс, Алмас Темірбай, Бақытгүл Бабаш секілді қазақ поэзиясында өзіндік орын алып жүрген ақындарымыздың өлеңдері оқылды.
Поэзиялық кеште ақын, халықаралық "Шабыт" фестивалінің гран-при иегері, халықаралық және республикалық мүшәйралардың , әдеби байқаулардың жүлдегері Бақытгүл Бабаш лирикаға толы, әсерлі кешті көрермендеріне сыйлаған өнерлі студент жастарға өз ризашылығын білдірді. Бүгінгі күні тұсауын кескен позиялық клубының «Сезін» деп таңдалуының ерекшелігіне тоқталды және клуб мүшелеріне шығармашылық табыстар тіледі. Көрермендерге өз шығармашылығынан тамаша бір «Көзімнен көктем көшкелі» атты өлеңін оқып, поэзияға сусындаған жастарға жаңа бір леп берді.

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN