AOGU supports UN Agenda

Францияның жетекші профессорлары атыраулық студенттер мен жас ғалымдарға тәлім береді. Тәжірибелі халықаралық сарапшылардың теориялық білімі мен практикалық дағдысын үйрену, мұнай өнеркәсібі және академиялық оралымдылық шеңбері арасында байланыс орнату – Total мектебінің басты мақсаты.

Университеттегі «Total energy school» ашылу салтанатына ZOOM платформасы арқылы қатысқан ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев аталған компанияның жоғары әлеуметтік жауапкершілігі мен ашықтығына ризашылығын білдірді.

«Қазір жұмысқа қойылатын талап күшейді. Қайта даярлау мәселелері, жаңа технологияларды меңгеру маңызды болып отыр. Total мектебі ұйымдастыратын курстар осы мәселелерді шешуге септігін тигізеді. Бұған дейін Назарбаев университетінде және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де өткен курстар тиімділігін көрсетті. С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде екі апта ішінде 350 азамат осы курсқа қатысып, білімін жетілдіреді. Бұл жастардың ғылым-білімге деген құлшынысын арттырып, болашағына сенім мен серпін береді»,-деп атап өтті министр.

«С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті» КеАҚ Басқарма Төрағасы-ректор Гүлзада Шакуликова: «Төмен көміртекті энергетика саласының көшбасшысы Total компаниясының осы маңызды мәселеде біз үшін ең игі және ортақ мүдде жолында бірдей көзқараста, бір мақсатта болғанына қуаныштымыз. Мектеп әлемдегі ең үздік энергетикалық компаниялардың жұмысын тек теориялық тұрғыда емес, іс жүзінде зерттеуге де тамаша мүмкіндік ұсынып отыр. Бұл тәжірибе студенттердің болашақта жұмысқа орналасуына үлкен артықшылық беретіні сөзсіз. Дәрістерді «Тоталь» мамандары кәсіби сараптама мен нақты іс-тәжірибедегі мысалдарды зерделеу негізінде дайындаған. Біз ынтымақтастықты тек мұнай-газ секторы бойынша ғана емес, болашағы зор жаңартылған энергия көздері саласында да жалғастыруға және бірлескен жобаларды дамытуға ниеттіміз»,-деді өз сөзінде.

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN