AOGU supports UN Agenda

Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті күндізгі бөлімде оқитын білім алушылар (шартты түрде қабылданған 1 курс студенттерінен басқа) арасында бакалавриат бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдаланушылардың қаражаты есебінен тағайындалатын білім грантын алуға қосымша байқау жариялайды.

☑ Байқау шарттары:
Байқауға қатысу үшін өтініш жазу;
Қазақ/орыс/ағылшын тілдерінде (таңдау бойынша) көлемі 2 беттен тұратын эссе жазу. Эсседе байқауға қатысушының академиялық қызығушылығы, тәжірибесі мен жетістіктері, өмірлік ұстанымы және мақсаттары көрініс табуы тиіс.
Өтініш беру және эссе жазу уақыты: 25 қараша – 5 желтоқсан 2020 жыл.
Өтініш пен эссенің сканерленген нұсқасын мына электронды поштаға жіберу керек: info@aogu.edu.kz

Логикалық тестілеуден өту
Тест тапсыру уақыты: 10-11 желтоқсан 2020 жыл.
 Толығырақ телефон бой ынша: 8 800 080 88 89

 Өз мүмкіндігіңді жіберіп алма!

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN