AOGU supports UN Agenda

Ұшқан ұясын ұмытпай, әр жаңалығына, әр жақсылығына тілектестік танытатын шәкірттердің болуы – барлық оқу орындары үшін үлкен мерей. Біз еліміздің әр тарабында табысты еңбек етіп, мемлекетіміздің дамуына үлес қосып жүрген шәкірттерімізді мақтан тұтамыз. «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығын 2009 жылы бітірген түлектеріміз өз кафедраларының жаңаруымен құттықтап келді. Жақында ғана ашылған Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің мұнай-химия инженериясы және экология институтының жұмысына сәттілік тіледі.

Университет түлектері бүгінде 4 курста оқып жүрген студенттермен кездесіп, жұмыс тәжірибелерімен бөлісті. 13 жыл бұрынғы студенттеріміз қазір білікті маманға айналған, ТШО, NСОС, KPI, АМӨЗ секілді ірі кәсіпорындарда жетекші оператор, қондырғы бастығы, менеджер болып еңбек етеді.

Ұстаздар мен шәкірттердің емен-жарқын жүздесуінде Университет қабырғасында өткен студенттік жылдардың қызықтары да айтылды. Осындай кездесулер біздің ұстанған бағытымыздың дұрыстығын, мақсатымыздың айқын екенін және еліміздің жарқын болашағы жолында қызмет ететін лайықты азаматтарды тәрбиелеп, білім беріп жатқанымызды сезіндіреді.

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN