AOGU supports UN Agenda

Атырау облысындағы жазасын өтеушілерге ағылшын тілін үйрету курсы бойынша қолға алынған әлеуметтік жоба енді ерлер колониясында да өз жалғасын тапты. Аталған әлеуметтік жобаға қатысу туралы өтінішті ерлер колониясында жазасын өтеушілер өздері білдірген.

Соған орай ерелер колониясындағы тәрбие жұмысы жөніндегі жауапты өкілдері арнайы университетке келіп, екі жақты меморандумға қол қойды. Кездесуде ағылшын тілін өткізуге қатысты жұмыс барысы мен курсқа қажетті талаптар талқыланды. Ақпан айының алғашқы аптасынан бастап, жоба іске қосылады. 

Айта кету керек, жобаға қатысушылар толық курсты аяқтаған соң тест сынағын тапсырады. Тест сынағынан өткен курс тыңдаушыларына сертификат тапсырылады.


Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN