AOGU supports UN Agenda

Жаһандық цифрландыру дәуірінде жаңа үдерістерді жетік меңгерудің маңызы зор. Университет даярлайтын энергетика кешенінің болашақ көшбасшылары заман талабына сай сапалы біліммен қаруланғанда ғана алар асулары биік болмақ. Бүгін біздің университет әлемнің 140-тан астам елінде АКТ шешімдерін дамытып отырған Huawei компаниясымен серіктес атанды.

Бұл ынтымақтастық біздің студенттерге Huawei сертификатын алуға ықпал етеді. Сертификаттау Huawei өнімдерінің барлық түріне арналған, ол ең күрделі технологиялық тапсырмаларды қысқа уақыт ішінде сапалы орындауға қабілетті жоғары деңгейлі маман даярлауға мүмкіндік береді,-деп атап өтті «Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті» КеАҚ Басқарма Төрағасы-ректор Гүлзада Шакуликова.

Huawei ICT Academy – Huawei-дің өнеркәсіп пен академиялық ынтымақтастық жөніндегі жаһандық жобасы. Ол әлемдегі университеттердің студенттеріне ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен Huawei өнімдері туралы білім береді және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың талантты мамандарын тәрбиелейді.

Huawei ICT Academy түлектері заманауи мамандықтар бойынша білім мен дағдыға ие болады және халықаралық үлгідегі сертификат алады, ол өз кезегінде жоғары жалақысы бар жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді. Енді бұл қатарға атыраулық студенттер де қосылады.

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN