AOGU supports UN Agenda

Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің стратегиялық даму бағыттарының бірі – экологияны сақтау, қоршаған ортаны қорғауға үлес қосу. Өңірдің экологиялық ахуалын жақсарту мақсатында құрылған Caspian SDG Hub жобасы Каспий маңы мемлекеттері университеттері тарапынан қолдау тапты. Қазіргі уақытта осы жоба аясында ғылыми-зерттеу жұмыстары жүріп жатыр.

Сонымен қатар университет күнделікті тұрмыстық қалдықтарды дұрыс сұрыптау арқылы қызметкерлердің экологиялық білімдерін жетілдіру бойынша ЕСО NETWORK компаниясының өкілдері өткізген семинарларға қатысты. Қалдықты сұрыптау мәдениеті – әр адамның әлеуметтік жауапкершілігі. Әр қазақстандық күнделікті тұрмыстық қалдықтарды тиімді, дұрыс тұтынуға және оны жоюға деген мәдениеті мен көзқарасын өзгерту арқылы қоршаған ортаны қорғауға өз септігін тигізеді.

ЕСО NETWORK компаниясының өкілдері өткізген семинардан кейін университеттің оқу ғимараттары арнайы жәшіктермен жабдықталды. Ұжымда 300-дей қызметкер бар деп есептесек, ертеңгі күні осы үрдіс қаламыздағы 300 отбасында қалыптасады. Сол арқылы қолдағы бар қорды ұқыпты пайдаланып, дұрыс пайдалану және одан шыққан қалдықтарды дұрыс сұрыптау арқылы қоршаған ортаны қорғауға үлес қосамыз.

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN