AOGU supports UN Agenda

I-SEED Haсkathon байқауына қатысқан студенттеріміз жүлделі үшінші орынға ие болды. 

«I-SEED: Инновациялар – әлеуметтік кәсіпкерлік және білім беру» – British Council мен «Шеврон» компаниясының серіктестік жобасы. Атырау жастарына инновациялық және интерактивті оқу бағдарламасын ұсынатын жобаға Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің студенттері де қатысып, 20 сағаттық курстан өтті. 

І-SEED жобасы Қазақстандағы белсенді жастарға қолдау көрсетуге және әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту арқылы әлеуметтік проблемаларды орнықты шешу үшін жағдай жасауға бағытталған. Оған қоғамға оң өзгерістер енгізуді қалайтын, 12 мен 25 жас арасындағы жастар қатыса алады. 

Биылғы байқауға Атырау қаласы бойынша 9 команда қатысты. Соның ішінде С.Өтебаев атындағы АтМГУ командасы жүлделі 3-орынды иеленіп, келесі кезеңге жолдама алды.

Жарқын өзгерістерге ұмтылған жастарға сәттілік тілейміз!

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN