AOGU supports UN Agenda

Бүгін «Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті» КеАҚ Ғылыми кеңесінің кезекті мәжілісі өтті.

Алғашқы баяндаманы Ғылыми жұмыс және инновациялар жөніндегі проректор Сайранбек Ахметов жасап, университетте 2020 жылы осы бағытта атқарылған жұмыстар жөнінде айтты. 

Академиялық мәселелер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Болатжан Құмалақов оқу-зертханалық және ғылыми-зертханалық базаны дамытудың перспективалық жоспарын ұсынды. 

Академиялық адалдық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің басшысы Асылбек Насиев Университетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат бағдарламасын іске асыру барысы туралы ақпарат берді. 

Ғылыми кеңес мүшелері «Парақорлықпен күрес менеджмент жүйесі» стандарттарын енгізу, қашықтықтан оқыту технологиясын қолдану арқылы аралық бақылауды және емтихан сессияларын өткізу рәсімдерін бекіту туралы мәселелерді де қарады.

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN