AOGU supports UN Agenda

Осындай тақырыпта 8-ші ақпан күні С.Өтебаев атындағы АтМГУ-де «Серпін» бағдарламасы бойынша білім алушы жастардың қатысуымен онлайн-конференция өткізілді

Мақсаты- «Серпін» бағдарламасы бойынша білім алушыларға бағдарламада қарастырылған мүмкіндіктер, студенттердің құқықтары, міндеттері туралы кеңінен түсінік беру.

Онлайн конференция жұмысына Нұрсұлтан қаласынан «Қаржы орталығы» АҚ Мониторинг департаментінің менеджері Туктыбаева Балнұр Жарылқасынқызы және С.Өтебаев атындағы АтМГУ-ң рекрутинг, маркетинг және мансап орталығының жетекшісі Тұңғыш Сәрсенғалиев қатысты. Конференцияға университеттің қазіргі таңдағы серпіндік студенттері мен бірге өткен жылы бітіріп кеткен түлектері де қатысты.

Серпіндік түлектердің келісім шартта белгілендей жоғары оқу орнын аяқтаған соң, 3 жыл көлемінде сол өңірде мамандығы бойынша еңбек етуі көрсетілген. Өкінішке орай былтырғы наурыз айында басталған пандемия әсерінен барлық студенттер онлайн, яғни қашықтан оқу форматына көшкен болатын. Одан кейін көп уақыт бойына Атырау облысы қауіпті қызыл аймақта болды. Соған байланысты серпіндік түлектер дер мезгілінде жұмыспен қамтылмай қалды. Конференция барысында осы мәселелер талқыланып, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN