AOGU supports UN Agenda

Оқу үлгерімі үздік, университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысатын, оқу-ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша жетістікке жеткен студенттерге қолдау көрсету дәстүрге айналды. Университет басшылығының бұл бастамасы өңірдегі ірі кәсіпорындардың демеушілігімен де іске асып келеді. Университеттің «Алтын серіктесі» - Атырау мұнай өңдеу зауыты «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының 7 үздік студентіне стипендия тағайындады. Стипендия бір оқу жылы бойына төленеді. 

Айта кетсек, бұған дейін де белсенді студенттерге Төлеуіш Серіков, Равиль Шырдабаев, Нұрлан Балғымбаев, Сафи Өтебаев атындағы арнайы стипендиялар тағайындалды. Сонымен қатар, биылғы оқу жылында корпоративтік гранттар саны көбейді. 

Индустрия мен университет арасындағы сенімді серіктестік еліміздің мұнай-газ кешеніне кадр даярлау ісіне тың серпін берері анық, өйткені білімге салынған инвестицияның тиімділігі де, қайтарымы да мол.

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN