AOGU supports UN Agenda

Мұнай-газ саласында өзгерген және жаңа мамандықтар бойынша сарапшылар пулын құра отырып, Құзыреттілік орталығына айналу – Университеттің 2020 жылға қойған ең басты мақсаты болған еді. Бүгін Елордадан қуанышты хабар келді. ҚР Энергетика министрі Н.А.Ноғаевтың бұйрығымен Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің базасында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің салалық технологиялық құзыреттілік орталығы құрылды.

- Бұл бізге жаңа білімді генерализациялауға, жаңа мамандықтар/біліктілік бойынша мамандарды сертификаттауға, кәсіпорын кадрларын қайта даярлауға, шетелдік жұмыс күшін отандық кадрлармен алмастыруға мүмкіндік береді.

- Университеттегі салалық технологиялық құзыреттілік орталығы еліміздің энергетика саласындағы инновацияларды, ғылымды және цифрландыруды тиімді дамыту мақсатында барлық мүдделі тараптардың - мемлекеттік органдардың, бизнес, ғылым, білім және қоғам өкілдерінің арасындағы өзара байланыстың дәнекері болады.

- Салалық технологиялық құзыреттілік орталығы деген не? Бұл -технологиялық тенденциялар, ағымдағы жағдайды бағалау, нарық қажеттіліктері, басымдықты анықтау, сараптама, кеңес беру, оқыту жұмыстарын іске асыру. 

- Идеялар мен ұсыныстар банкі, сарапшылар мен мамандар пулы құрылады.


ҮЗДІК УНИВЕРСИТЕТ. МЫҚТЫ МАМАН. ӨРКЕНДЕГЕН ӨҢІР.


Байланысу үшін: Дархан Құралханов -
С.Өтебаев атындағы АтМГУ Аппарат басшысы
d.kuralkhanov@aogu.edu.kz

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN