AOGU supports UN Agenda

2021 жылғы талапкерлерге жағымды жаңалық – университетте жаңа оқу бағдарламасы бойынша білім алуға мүмкіндік бар.

Маркетинг және нарықтық талдау саласында жоғары кәсіби кадрларды, мұнай-газ саласы үшін жаңа буын маркетологтарын даярлауға бағытталған жаңа мамандықты меңгерсеңіз, кәсіпорынның маркетингтік ортасын зерттеу, оның зияткерлік, технологиялық және өндірістік әлеуетін бағалау, компанияның мұнай және өзге де тауарларды (қызметтерді) өндірумен, тасымалдаумен, өткізумен байланысты маркетингтік саясатын әзірлеу жұмыстарына қатыса аласыз. Кәсіпкерлік қызметтің, пайда мен кірістің тиімділігін қамтамасыз ету, тауарлар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жайы да осы бағдарламада оқытылады. 

«Мұнай маркетингі және мұнай тасымалдау» бағдарламасының түлектері компаниялардың маркетингтік қызметтерінің басшылары мен мамандары; клиенттік тапсырыстар және өткізу бойынша маман; логистика бөлімінің басшысы; жеткізу тізбегінің деректерін басқару жөніндегі маман; инновациялық маркетинг жетекшісі; талдаушы-маркетолог, маркетингтік компаниялардың талдаушысы; аналитик-маркетологтың көмекшісі; қоғаммен байланыс жөніндегі маман; маркетинг бойынша кеңесші; жарнама маманы; бренд менеджері; PR менеджері; трейдер; CRM маркетологы; электрондық сауданың IT-талдаушысы; е-commerce маманы секілді жаңа және сұранысқа ие жұмыстарды атқара алады.

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN