AOGU supports UN Agenda

11-ші ақпан күнгі онлайн кездесуде:

1. Университет студенттерін практикамен қаматамасыз ету және түлектерді мамандықтары бойынша жұмыспен қамту мәселесі бойынша;

2. Рекрутинг және маркетинг бойынша тәжірибе алмасу. 

Өте мазмұнды және мағыналы кездесу болды. Бірлескен ынтымақтастық шеңберінде Назарбаев Университеті әрбір қызмет бағыты бойынша АтМГУ үшін таныстыру семинарларын өткізетін болады. Ынтымақтастық біздің ішкі үдерістерімізді жақсартуға көмектеседі және үздік өңірлік университет болу мақсатын іске асыру жолында университетті трансформациялауға оң ықпалын тигізері сөзсіз. 

Алдымен екі жоғары оқу орны өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, одан кейін өз қызметкерлерімізді тағылымдамаға жіберіп, форумдарына қатысамыз деп жоспарлап отырмыз.

Сонымен бірге студенттермен алмасу тәжірибесін енгізіп, ғылым, тәрбие жұмысы, тағы да басқа бағыттарда ынтымақтастығымызды одан да нығайтуды көздеп отырмыз.

Аталған шара Сафи Өтебаев атындағы АТМГУ-ң Нұр-Сұлтан қаласындағы өкілдігінің ұйымдастыруымен өтті.

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN