AOGU supports UN Agenda

10 ақпан күні Малайзияның Петронас технологиялық университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқитын студенттерге арналған сессияың ашылуы өтті. Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің 5 студенті аталған бағдарлама бойынша көктемгі семестрді Петронас технологиялық университетінде жалғастырады.

Виртуалды ұтқырлық-Петронас технологиялық университетімен жүргізілген ынтымақтастықтың алғашқы қадамы. Екі оқу орнының арасында меморандумға қол қойылып, жоғары білім беруде бірлескен жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Университеттерде студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын, бірлескен зерттеулер мен қос диплом бағдарламаларын жүзеге асыру мүмкіндігі бар.

UNIVERSITI TEKNOLOGI PETRONAS (UTP) – 1997 жылы ашылған. Негізгі мамандануы - ғылым мен технология, оның үш факультеті базасында инженерия, ІТ, геофизика және механиканың түрлі салаларын оқуға болады. Студенттер арасында мұнай-газ инженериясы саласында бакалавриат бағдарламасы сұранысқа ие.

Студенттерге білім жолында сәттілік тілейміз.

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN