AOGU supports UN Agenda

Әр апта сайын дәстүрлі түрде өтетін онлайн кездесудің бүгінгі қонағы – Әйгерім Абденбаева. ҚБТУ-да «Математикалық компьютерлік модельдеу» мамандығы бойынша білім алған Әйгерім техника ғылымдарының PhD кандидаты.

Ғылыми зерттеулерде жобаларды әзірлеу технологияларын қалай қолдануға болады?

Осы тақырып аясында Айгерім өз тәжірибесімен бөлісіп, қазіргі уақытта мақсатқа жету үшін құзіретті іс-қимыл бағдарламасын дамытуға ықпал ететін негізгі қағидаттарға тоқталды. Олар:
1. Мақсатты анықтау;
2. Жұмыс әдістемесі
3. Agile. Waterflov
4. MVP жобасы
5. Өзіңізге және өз жұмысыңызға деген көзқарас.

Әйгерімнің пікірі бойынша, адам алдымен өз алдына нақты мақсат қоя білуі керек. Осы мақсатқа жеткен кездегі оның жақсы, тиімді жақтарымен бірге кемшін тұстарын да қарастырып, салыстыру қажет. Адам өзінің алдына қойған мақсатқа сол жоспарда көрсетілген еш мінсіз бірден жете алмайды. Барлық қиындықтарға төтеп бере алуы тиіс. Бірнеше шағын жетістіктерден кейін ғана бастапқы мақсатқа жету жолдары белгілі болады.

Әйгерім студенттерге мақсаттарына жетуге тілектестігін білдірді. Ұзақ мерзімді жоспарларды жасау қазіргі уақытта тиімсіз екендігін, технология мен ғылым тез дамуда, уақыт ағымымен бірге жүру үшін жоспарды да бір жылға жасақтау дұрыс екенін атап өтті.

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN