AOGU supports UN Agenda

Қуаныш Юсупов - еліміздің жоғары оқу орындарында білім алушы магистранттарды қолдау мақсатында «BILIM-ORKENIETI» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған «Қазақстанның үздік магистранты-2020» халықаралық байқауының жеңімпазы деп танылды. Қуаныш С.Өтебаев атындағы АтМГУ-ң магистранты.

Қуаныш 2021 жылдың 16 ақпанында байқаудың Халықаралық деңгейдегі I дәрежелі дипломымен және медальмен марапатталды, ал ғылыми жетекшісі профессор В.А.Яшковке алғыс хат табыс етілді. «Қазақстанның үздік магистранттары» атты кітаптың жинағына Қуаныш туралы материал жарық көрді.

Қуаныш Юсупов универдің үздік студенті және бакалврды аяқтаған соң да оқу орнымен тығыз байланыс орнатқан табысты түлектеріміздің бірі. Ол жөнінде сілтемеден білуге болады:

https://www.facebook.com/.../permalink/1286812951666620/

Осыдан 1 жыл бұрын осы мамандық бойынша сол кезде магистратураның 2 - курсында оқитын Сәрсенов Наурызбай (қазір С.Өтебаев атындағы АтМГУ ИТФ декан орынбасары) да «Қазақстанның үздік магистранты-19» байқауының жеңімпазы болған еді. Айта кету керек, екі жеңімпаздың да жетекшісі - университетіміздің профессоры, техника ғылымдарының кандидаты, «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген энергетигі» Александр Владимирович Яшков. Владимир Александрович те өз мамандығының нағыз майталманы. Біліктілігі мен білгірлігі арқылы қаншама студентке мамандықтың қыр-сырын меңгертті.


Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN