AOGU supports UN Agenda

17-ақпан күні Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің Н.Ө.Балғымбаев атындағы коммуникацияларды дамыту орталығының үлкен залында мектептің жоғары сынып оқушылары арасында өткен дәстүрлі пәндік олимпиада жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті.
Дәстүрлі олимпиада биыл физика, химия және математика пәндерінен өтті.
Марапаттау салтанатында университеттің бірінші проректоры Б.А.Құмалақов; Жастар саясаты және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Қ. Е.Оразалиев; Аппарат жетекшісі Д.Құралханов жеңімпаздарды құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
Жүлдегер оқушыларға дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді. Пәндік олимпиадада:

  • физика пәнінен 1-орынды иеленген Ж.Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық лицей оқушысы – Ғаллем Әсемай;
  • химия пәнінен 1-орынды иеленген №22 Ә.Молдағұлова атындағы орта мектеп оқушысы – Әбуғали Нұржанат;
  • математика пәнінен 1-орынды иеленген Ж Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық лицей оқушысы - Бахытбек Дамирге диплом, естелік сыйлық және университет ректоры атындағы грант сертификаты табысталды.
Шара барысында үздік оқушыларды дайындаған мектеп оқытушылары мен жетекшілері де назардан тыс қалмады. Тәуелсіз еліміздің болашағы – жастардың білім мен тәрбие атты қос қанатын қатайтып, дарынды тұлғаларды дамытудағы еңбектеріне шынайы алғысын білдірген университеттің Басқарма төрағасы-ректор Г.Шакуликованың алғыс хаты табысталды.

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN