AOGU supports UN Agenda

Халықаралық экология және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі ғылымдары академиясының әлемнің 45 елінде өкілдігі бар және 90 елде бөлімшесі бар. Халықаралық экология және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі ғылымдары академиясының (ЭӨҚҒА, Санк-Петербург) академигі ретінде талай жаһандық ғылыми тақырыптағы мінбелерде қоршаған ортаны қорғау туралы өзекті мәселені әлемдік деңгейде көтеріп, батыл да өткір ойларымен бөлісіп, ғылыми тұжырымдамалары ғалымдар тарапынан қолдау тапқан Әкімғали Кенжеғалиұлы биыл мерейлі 75 жасқа толып отыр.

Ғалымның мерейтойына орай «С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті» КеАҚ «Көмірсутекті кенорындарын игеру саласындағы Каспий маңы өңірінің экологиялық жағдайы» тақырыбында халықаралық ғылыми семинар ұйымдастырды. Семинардың мақсаты: көмірсутектерді қарқынды игеру жағдайында мұнай-газ саласының Каспий теңізі компоненттерінің экологиялық жай-күйіне және жағалау аймағының қоршаған табиғи ортасына әсерін талқылау.

Ғылыми-семинардың кіріспе сөзін ашқан университеттің Басқарма төрағасы-ректоры Г.Т.Шакуликова техника ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық экология және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі ғылымдары академиясының (ЭӨҚҒА) академигі Әкімғали Кенжеғалиұлын мерейлі жасымен құттықтап, қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғалымның орасан зор еңбегін атап өтті. Университеттің тамаша дәстүрімен мерейгердің иығына шапан жауып, қошемет білдірді.

Семинар отырысында сөз алған универсиетттің т.ғ.д., профессор Есенғали Ғилажұлы Ғилажев; Астрахан Мемлекеттік университетінің профессоры, б.ғ.д., профессор Аркадий Феодорович Сокольский; Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің профессоры Исан Сапиұлы Тілегенов; біздің университеттің түлегі, қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазМУ магистранты Мейрамбек Саламатов мерейгердің ғылым саласындағы еңбектеріне тоқталып, өздерінің жылы лебіздерін білдірді.

Шараға қатысқан университеттің ардагерлер кеңесінің төрағасы, э.ғ.д., профессор, Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия және Тынық мұхиты өңіріне арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясындағы (ЭСКАТО) Халықаралық экология және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі ғылымы академиясының өкілі ретінде Мағауия Тәжіғараұлы Шырдабаев Халықаралық экология және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі ғылымы академиясының президенті Русак Олег Николаевичтің Әкімғали Кенжеғалиұлының атына жазылған құттықтау адресатын табыс етті.

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN