AOGU supports UN Agenda

Бүгінгі қонағымыз - Манчестер университетінің докторанты, Alliance Манчестер бизнес-мектебіндегі халықаралық бизнестегі қаржылық және цифрлық инновациялар бойынша оқытушының ассистенті Елнұр Шілдібеков.

Қонағымыз ең алдымен шетелдің докторантурасына қалай түсуге болатынын және білімгерге қойылатын талаптар туралы кеңінен ақпарат берді. Жалпы ғалымдар докторантқа студент ретінде емес, өзінің әріптесі ретінде қабылдайтынын, сондықтан «барлығы өз қолыңда!» деген ұстаным мықты екенін жеткізді.
Елнұр сонымен бірге докторантураның әр жылында қай бағытта және ғылыми-зерттеу жұмыстарының кезеңдері туралы өз тәжірибесімен бөлісті. Манчестер универін таңдау себебін де ортаға салды.

Елнұрдың ғылыми-зерттеу тақырыбы: «Орта және кіші бизнестегі индустрия 4.0».

Жалпы «Индустрия 4.0» дегеніміз не? Бұл термин әдетте төртінші өнеркәсіптік революцияның синонимі ретінде пайдаланылады, яғни, өндіріске киберфизикалық жүйелерді жаппай енгізу және тұрмыс, еңбек пен бос уақытын қоса алғанда, адамның қажеттіліктеріне қызмет ету, сондай-ақ өндірістегі барлық процестерді толық ауқымды автоматтандыру ретінде түсініледі. «Индустрия 4.0» аясында енгізілетін негізгі технологиялар — үлкен деректер, заттар интернеті, виртуалды және толықтырылған шынайылық, 3D-баспа, кванттық есептеулер, блокчейн, роботтандыру.

Елнұр өзінің зерттеулеріне тоқталмастан бұрын, 1,2,3 және 4 өндірістік революция туралы мағлұмат берді. Әр өндірістік революцияның айырмашылығын, ерекшелігін тізбектеп атап өтті.

4 өндірістік революция термині алғаш Германияда қолданылған. Өнеркәсіптік революция, индустрия 4.0 және технология, индустрия 4.0-дің әлеуеті, жаһандық құн тізбегі дегеніміз, индустрия 4.0 технологиялары бойынша жарияланымдар және т.б. туралы мәліметтермен бөлісті.

Ғылыммен айналысам деген әр адамға тыңғылықты ақпарат алуға болады.

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN