AOGU supports UN Agenda

«Жоғары оқу орнының табыстылығын бағалаудың басты критерийі – оқу бітірген студенттердің жұмыспен қамтылуы, жалақысы жоғары жұмысқа орналасуы».
(Мемлекет басшысының халыққа Жолдауынан)

Биылдан бастап жоғары білім туралы дипломды мемлекет емес, университет береді. Жоғары оқу орындарының академиялық және басқару еркіндігін кеңейтуге бағытталған бұл бастама арқылы білім беру саласындағы бәсекеге қабілеттілікке маңыз беріліп отыр. Бүгін ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің жоғары оқу орны басшыларымен кездесуінде осы және басқа да жаңалықтар талқыға түсті.

Заманауи еңбек нарығының талабына сай маман даярлау – қай университеттің болмасын басты міндеті. ҚР Білім және ғылым министрі жұмысқа орналастыру кезінде жоғары оқу орнының беделі мен имиджі маңызды болатынын атап өтті. Сондықтан да білім сапасы, саланың жаһандық үдерістерге сәйкес дамуы айрықша назарда. Аталған министрліктің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаевтың айтуынша, енді түлектердің жұмысқа орналасуына мониторинг жүргізіледі. «Сандық көрсеткіштен сапалық көрсеткішке назар аударылатын болды. Академиялық адалдық мәдениетін қалыптастыру нормасы енгізілді», -деді министрлік өкілі. Елдегі мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыспен қамтылудың жалпы деңгейі - 70,2% болып отыр.

Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті өз тарихында еліміздегі мұнай-газ кешеніне 25 мыңнан астам кадр даярлады. Саладағы жаңалықтар оқу орнының академиялық беделінің нығаюына оң ықпал етеді деген сенімдеміз.


Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN