AOGU supports UN Agenda

XVIII-XIX ғасырда өмір сүрген италяндық полиглот Джузеппе Гаспаро Меццофанти 50 диалекті мен 38 тілді меңгерген және сол тілдерде еркін сөйлеген. Бір қызығы, ол ешуақытта Италиядан өзге елге саяхаттап көрмеген. Тіпті кейбір деректерде ол өлім жазасына кесілген қылмыскердің соңғы сөзін тыңдау үшін бір түнде жаңа тілді меңгеріп шыққан дейді.

Қазақ халқында тамаша бір сөз бар: «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!». Көп тілді меңгерудің еш артықшылығы жоқ. Соның ішінде студент жастарға көп тілді меңгеруге қазіргі таңда барлық мүмкіндіктер бар. Тек бастысы соған лайықты ынта мен жігер, талап болуы тиіс.

«С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті» КеАҚ өз студенттерінің бірнеше тілді меңгеруіне барлық жағдай жасалған.

Университетте қазіргі таңда ағылшын, француз және қытай тілдерін үйрету мақсатында ақысыз, тегін курстар ашылды. Тіл меңгеруге қызығушылық танытқан студенттер мен қызметкерлер де жетерлік.
Неігізі кітапты бір тілден екінші тілге аудару кезінде, түпнұсқадағы кітаптың мазмұны көп өзгеріске ұшырайды. Сәйкесінше кітаптың ең негізгі құнары байқалмайды. Сондықтан шет тілдерін меңгеру арқылы әлемді басқа бір қырынан тануға көп мүмкіндік беріледі.


Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN