AOGU supports UN Agenda

Әлемдік білім беру кеңістігінде серіктес университеттер арасында академиялық ұтқырлық бағдарламасының іске асуы ерекше маңызға ие. Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті халықаралық қатынастар аясының кеңеюіне бағытталған іс-шараларды жүргізіп келеді. Біздің сенімді серіктестеріміздің қатарында Петронас технологиялық университеті де бар.

Қашықтықтан оқыту жағдайында білім беру бағдарламасын тиімді қолданудың қандай мүмкіндіктері қарастырылған? Тәрбие жұмысын жүргізуде қандай тың идеялар бар? Бұл туралы С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің жастар саясаты және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Қанат Оразалиев пен Петронас технологиялық университетінің студенттерді дамыту жөніндегі директоры Нурлидия бинти Мансордың онлайн-кездесуінде айтылды.

Тараптар жоғары оқу орнындағы студенттер қызметі, жастар саясаты, еріктілер жұмысы, тіл үйрену клубтары мен спорт секциялары туралы презентацияларымен таныстырды. Сонымен қатар, онлайн спартакиада ұйымдастыру, кәсіпкерлік қызмет бағдарламасына студенттерді тарту, Soft skills тренингтер өткізу, Society of Petroleum Engineering (SPE) дамыту бойынша бірлескен іс-шараларды қолға алуға келісті.

Осындай жұмыстарды бірге ұйымдастыру арқылы университеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайып, оқу орнының оң имиджін қалыптастыру басты мақсат болып отыр.

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN