AOGU supports UN Agenda

Президент Жолдауында көтерілген өзекті мәселе - қолжетімді әрі сапалы білім беру. Осы тарауда Қ.К.Тоқаев ірі бизнес өкілдері өңірлік университеттердің ғылыми қызметін қамқорлыққа алуының маңыздылығын атап өткен болатын.

Жолдау жүктеген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында университетте Индустриалдық комитет құрылып, оның құрамына индустрия өкілдері – серіктес компаниялардағы топ-менеджерлер кірді. Бұл алаңды ашудағы қағида – түлектердің біліктілік моделін қалыптастыру және индустриямен бірлесіп жұмыс істеу, бекітілген біліктілікке қол жеткізуге материалдық-техникалық және әдістемелік базаның сәйкес болуын қамтамасыз ету, студенттердің жетістіктерінің көрсеткішіне мониторинг жүргізу.

Университеттің стратегиялық даму бағыттары «Білім- индустрия – ғылым – бизнес» интеграциясына негізделген. Бұл бағытта алғашқы жетістіктеріміз де бар. Атырау «МӨЗ» ЖШС демеушілігімен университет базасында Мұнай-химия инженериясы және экология институты ашылған болатын. Жаңартылған, заманауи жаңа зертханаларымен жабдықталған институтта еліміздің мұнай-газ химиясы және экология бағыттары бойынша бакалавр, магистрлер даярланады.

Үздік Университет. Мықты маман. Өркендеген өңір.

https://www.facebook.com/100003901602317/videos/2216573248482707/



Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN