AOGU supports UN Agenda

24- ақпан күні Назарбев университеті мен С.Өтебаев атындағы АтМГУ арасында онлайн форматта кездесу өтті. 

Біздің университет атынан шараға қатысқан Бизнес мектеп деканы А.А.Жалғасбаева «С.Өтебаев атындағы АтМГУ» КеАҚ таныстырып, университет базасындағы Бизнес мектебінің жұмысымен астаналық әріптестерін таныстырды.

Өз кезегінде Назарбаев университеті тарапынан Жоғары бизнес мектебі факультетінің деканы Патрик Дюпарк бастаған әріптестер МВА бағдарламасы бойынша өз тәжірибелерімен пікір алмасты. Жалпы МВА тыңдаушыларын оқуға қабылдап алған күннен бастап, олардың академиялық дәреже алғанға дейінгі аралықтағы барлық білім беру үрдісін ұйымдастыру туралы кеңінен талқыланды. 

Жиын барысында екі универсиетттің алдағы уақытта бірлесіп атқарылатын жұмыстары да талқыланды. Назарбаев университетінің алдыңғы қатарлы сарапшы оқытушылары біздің университетте МВА тыңдаушыларына сабақ береді және керісінше біздің универдің өндіріс орындарындағы мамандары Назарбаев университетінің студенттеріне дәріс беруді жүзеге асыратын болады.

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN