AOGU supports UN Agenda

1 наурыз - Қазақстанда Алғыс айту күні. Мейірім мен ізгіліктің мерекесіне айналған бұл күн биыл елімізде бесінші жыл тойланып жатыр.

Өткенге шегініс жасасақ, ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылдың сәуір айында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мәңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр» тақырыбындағы ХХІІ сессиясының ашылу салтанатында: «Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні – 1 наурыз барлық ұлттың бір-біріне және осы адамдарды қабылдаған, аяушылық білдірген қазақтарға алғыс айту күні деп белгіленсе, әділетті болар еді», – деген болатын. Елбасының 2016 жылғы 14 қаңтардағы Жарлығымен ресми түрде 1 наурыз - Қазақстанда Алғыс айту күні болып бекітілді.

Бұл – қазақ жерінде тағдыр тоғыстырған түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің осы топыраққа, ортақ тарихқа деген тағзымы мен құрметінің белгісі. Береке мен бірліктің мерекесі. Кейінгі жылдары осы үрдіс жалпыхалықтық сипат алып, барлық адамдардың бір-біріне ризашылық білдіретін қастерлі күніне айналды. Бұл да еліміздегі ырыс пен ынтымақтың, адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі үлгісінің айқын дәлелі.

Баршаңызды «Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті» КеАҚ ұжымы атынан мерейлі мерекемен құттықтап, жақсылық, игілік пен бақыт тілейміз!

Алғыс айтайық, алғыс алайық! Әр күніміз көркем болсын!

Back to the list


Не таңдау керектігін білмейсіз бе?

Қабылдау комиссиясының мамандары анықтауға көмектеседі

Leave a request.
We will call you back and advise!
CAPTCHA

RU KK  EN